Аймақтар
1 мин оқу 523

Еліміздің бірнеше өңірінде төтенше жағдай режимі аяқталды

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның бірнеше облысында төтенше жағдай режимінің күші жойылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="https://www.akorda.kz/ru/ob-otmene-chrezvychaynogo-polozheniya-v-pavlodarskoy-oblasti-120130" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Ақорданың</a> баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Президент арнайы қаулыға қол қойды.

«Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

Павлодар облысында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы №744 Жарлығымен енгізілген Павлодар облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 13 қаңтардағы 07 сағат 00 минуттан бастап жойылсын», делінген қаулыда.

Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысы мен Солтүстік Қазақстан облысында төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 13 қаңтардағы 07 сағат 00 минуттан бастап жойылды,

Құжат қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Бөлісу:
Еліміздің бірнеше өңірінде төтенше жағдай режимі аяқталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар