Кино
1 мин оқу 440

«Алтын қор» кинолары жойылған жоқ

<p style="text-align: justify;">Еліміздегі бүгінгі ахуал кезінде отандық мәдениет пен тарих мұраларының тағдырына немқұрайды қарамайтындардың барлығын республикалық телеарналардың бірінде &laquo;Елдің алтын қоры&raquo; жойылды деген хабар толғандырды.</p>

«Алтын қор» кинолары жойылған жоқ

Мәдениет және спорт ми­нистрлігінің хабарлауынша, бұл ақпарат шындыққа жанаспай­ды. «Қазақстан» республика
­лық те­лерадиокорпорациясы­нан алын­­ған ақпарат бойынша, Ал­маты қаласындағы филиал ғима­ратында сақталған кино­материалдарға шығын келген.

Бұл ретте бұрын «Қа­зақ­стан» РТРК 2017 жылдан 2021 жылға дейін кино­фото­құжаттар мен дыбыс жаз­ба­ла­рының Орталық мем­ле­кет­тік мұрағатына (ҚР МСМ ве­домстволық бағынысты ұйы­­­­мы) сақтауға берген кино­ның «Ал­тын қорының» 500-ге жуық сақтау бірлігі бар елеулі бө­­лі­гі бүтін және сақталған.

Айта кетейік, КФДЖҚ ки­но қоры 4 698 деректі фильм­ді құрайды, оның ішін­де «Қа­зақтелефильм» студия­сы­ның 1000-ға жуық кинолентасы болса, 504-і көркем фильм. Ал жалпы архивте, Ұлттық архив қорының құрамында 209 289 бірлік кино-фото-фоноқұжат бар, олар толық сақтаулы.

Бөлісу:
«Алтын қор» кинолары жойылған жоқ · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар