Коронавирус
1 мин оқу 270

Қазақстанда коронавирустан 3 адам қайтыс болды

<p style="text-align: justify;">Қазақстанда коронавирустан бір тәулікте 3 адам қайтыс болды. 62 науқас өте ауыр жағдайда жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қайтыс болғандардың үшеуінде де ПТР талдауы оң нәтиже болған.

Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 11 қаңтарда дәрігерлер COVID-19 белгілері және ПТР-сынамасы (КВИ-) теріс пневмонияның 61 жағдайын тіркеді.
 
13 қаңтардағы жағдай бойынша 35 710 адам (33 936 КВИ+ және 1 774 КВИ-) коронавирустан емделіп жатыр, оның ішінде 3 888 науқас стационарда, 31 822 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

206 науқастың жағдайы ауыр,
62 науқастың жағдайы өте ауыр,
38 науқас жасанды тыныс беру аппаратында жатыр.а

Бөлісу:
Қазақстанда коронавирустан 3 адам қайтыс болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар