Данилина Сидней турнирінің ширек финалына шықты
<p style="text-align: justify;">Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында Сидней WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, А.Данилина бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге жарыстың үшінші ракеткаларын жеңіп, күтпеген нәтижеге қол жеткізді.
Қазақстандық-бразилиялық жұп 1 сағат 5 минутқа созылған бәсекеде канадалық Габриэла Дабровски – мексикалық Джулиана Олмосты 6:4, 6:2 есебімен ұтты. Анна мен Беатрис жартылай финалға шығу үшін ресейліктер Екатерина Александрова – Натела Дзаламидземен таласады.
Ерлер арасындағы осы жарыста Андрей Голубев пен хорватиялық Франко Скугор корт иелері, аустралиялықтар Мэтт Рид – Алексей Попыринге 3:6, 1:6 есебімен есе жіберді.
Тағы бір қазақстандық Александр Недовесов пәкстандық Айсам Курешимен бірге бүгін жартылай финалға шығу үшін аустралиялық Джон Пирс – словакиялық Филип Полашекпен шеберлік байқасады.