Коронавирус
1 мин оқу 190
«Түсі» өзгерген Атырауда жағдай мәз емес
<p style="text-align: justify;">«Қызыл» аймаққа өткен Атырау облысында эпидемиологиялық ахуал шиеленісіп кетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Өңірдің денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарасақ, 10 қаңтар күні қауіпті вирустың белгісі 243 адамнан табылған екен.
«Коронавирус инфекциясын жұқтыру Атырау қаласында өршіп тұр. Мұнайлы қалада Covid-19 инфекциясының 193 жағдайы расталды. Ал, Теңіз кен орнында 30 науқас анықталды. Қызылқоға ауданында – 10, Құрманғазы ауданында 10 адам індетке шалдықты. Қауіпті вирустың симптомды белгісі 140 науқаста бар», делінген хабарламада.
Бөлісу: