Қазақстан
2 мин оқу 561

Ел аумағында жаңбыр, қар және көктайғақ күтіледі

<p style="text-align: justify;">Синоптиктер 14 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі - қар жауады, оңтүстік жартысында жауын-шашын (жаңбыр мен қар) болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі», деп жазады «Қазгидромет» РМК.

Батыс Қазақстан облысында күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында - көктайғақ, төмен бұрқасын, облыстың батысында, солтүстігінде - тұман күтіледі.

Батыста, оңтүстікте, Атырау облысының орталығында тұман, көктайғақ, төменгі бұрқасын күтіледі, күндіз батыста, облыстың орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысында көктайғақ, батыстан бұрқасын күтіледі, күндіз облыс орталығында жел 15-22 м/с күшейеді.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктерінде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, батысында 15-20 м/с жел тұрады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында төменгі бұрқасын күтіледі, күндіз батыста, облыс орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.

Таңертең және күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында боран соғады, түнде облыстың батысында тұман түседі.

Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында көктайғақ, тұман күтіледі, облыстың оңтүстік-батысында және таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облысының оңтүстік жартысында, күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде боран соғады.

Қостанай облысының шығысында, түнде және таңертең Павлодар облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Бөлісу:
Ел аумағында жаңбыр, қар және көктайғақ күтіледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар