Аймақтар
1 мин оқу 310

110 жастағы кейуанаға жаңа жеке куәлік табысталды

<p style="text-align: justify;">Құжаттары бойынша Күлжамиля Ахмедьянова 1912 жылы 1 қаңтарда Ертіс ауданы Голубовка ауылында дүниеге келген. Бұл туралы &laquo;Азаматтарға арналған үкімет&raquo; МК облыстық филиалынан мәлім етті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бүгін Азаматтарға арналған үкімет қызметкерлері әжейді құттықтап, жаңа жеке куәлігін табыс етті.

«ҰОС ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар (1,2,3-топ мүгедектері), мүгедектігі бар балалар ХҚО-ға бармай-ақ, мемлекеттік қызметтерді үйде ала алатынын еске саламыз.

Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерін шақыру үшін азаматтар 1414-ке өтініш қалдыруы қажет, содан кейін оларға 7 жұмыс күні ішінде ХҚО мамандары үйлеріне барып қызмет көрсететін болады», дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ПОФ баспасөз хатшысы Мейрамгүл Әбдірахманова.

Өткен жылы мемлекеттік корпорацияның филиалы Ертіс өңірінің тұрғындарына 2 777 рет үйлеріне барып 3035 қызмет көрсеткен.

Бөлісу: