Елордада террористік қауіптің «қызғылт сары» деңгейі жарияланды
<p style="text-align: justify;">Елордада 13 қаңтардан бастап террористік қауіптің жоғары «қызғылт сары» деңгейі 14 тәулікке белгіленді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Қазақстан Республикасы Президентінің «Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 09 тамыздағы №611 жарлығының талаптарына сәйкес, елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб басшысының шешімімен Нұр-Сұлтан аумағында 2022 жылдың 13 қаңтарынан бастап 14 тәулік мерзімге террористік қауіптің жоғары «қызғылт сары» деңгейі белгіленді», делінген елордалық терроризмге қарсы күрес жедел штабының хабарламасында.