Спорт
3 мин оқу 254

Әлемдік дзюдоның даму барысы қалай?

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) 2021 жылдың қорытынды рейтингін жариялады. Бүгінгі таңдағы әлемнің ең үздік 10 татами шеберлері қатарына Қазақстанның үш бірдей өрені еніп отыр. 60 кило салмақта белдесетін Ғұсман Қырғызбаев 9-орынды иеленсе, Елдос Сметов одан бір сатыға ғана төмен тұр.</p> <p>&nbsp;</p>

Әлемдік дзюдоның даму барысы қалай?

Былтыр қос қандасымыз үшін де табысты болды. Атап айтсақ, Ғұсман Будапештте өткен әлем чемпионатында күміс медальды олжаласа, Елдос Токиода алауы тұтанған Олимпия ойын­дарында қола жүлдені еншіледі. Десек те жерлес­теріміздің арасындағы ең үздік нәтиже Жансай Смағұловқа тиесілі. 73 кило салмақта күш сынасып жүрген қазақ балуаны 8-орынға тұрақтады.

Ал «Қазіргі кезде қай мемлекеттің қар­қыны күшті?» деген саулға келер болсақ, ең бірінші кезекте Ресей мен Грузия дзюдошыларын атап өткен жөн. Бүгінде ресейліктер арасынан 100 кило салмақтағы Арман Адамян мен +100 кило салмақтағы Тамерлан Ба­шаев алдына жан салмаса, грузиялықтар қата­­рында 73 кило салмақтағы Лаша Шав­датуашвили мен 81 кило салмақтағы Тато Гри­галашвили шашаларына шаң жұқ­тыра­тын емес. Сондай-ақ әлемдік рейтингте көш бас­тап тұрғандар қатарында тайпейлік Янг Юн Вей (60 кило), кореялық Ан Баул (66 кило) және өзбекстандық Давлат Бобонов (90 кило) бар.

«ТОП-10» дзюдошылардың тізіміне зер сал­­сақ та, жоғарыда аталған қос елдің өрен­дері­нің өзге­лерден көші ілгері екенін аңғару қи­ын емес. Ре­сейде Арман Адамян мен Тамер­лан Ба­шаевтан бөлек, Яго Абулазде (60 кило, 2-орын), Инал Тасоев (+100 кило, 3-орын), Ра­ма­­зан Аб­доллаев (60 кило, 7-орын), Якуб Ша­ми­­лов (66 кило, 8-орын), Алан Хубецов (81 кило, 8-орын) және Махатбек Мах­матбеков (73 кило, 10-орын) пен Михаил Иголь­ников (90 кило, 10-орын) озық ондықтың санатын­да. Гру­з­ияда Лаша Шавдатуашвили мен Тато Гри­га­лаш­вилиден бөлек, Важа Маргвелашвили (66 кило, 2-орын), Лаша Бекаури (90 кило, 4-орын), Вар­лам Лапертелиани (100 кило, 4-орын), Гела Заа­лишвили (+100 кило, 4-орын), Гурам Тушиш­вили (+100 кило, 6-орын), Бека Гви­ниашвили (90 кило, 9-орын) және Илия Сул­манидзе (100 кило, 9-орын) сол межеден кө­рінді. Яғни әрқайсысының 9 өкілі үздіктер сана­тында.

Жапония құрамасының да қарқыны жаман емес. Күншығыс елінің бірде-бір өкілі әлемдік рейтингте көш бастамағанымен, есесіне жетеуі «ТОП-10» балуанның қатарында. Олар – Нао­хиса Такато (60 кило, 3-орын), Хифуми Абе (66 кило, 4-орын), Кокоро Кагеура (+100 кило, 5-орын), Аарон Вольф (100 кило, 7-орын), Кен­та На­гасава (90 кило, 9-орын), Сойши Хаши­мо­то (73 кило, 6-орын) және Шохей Оно (73 кило, 9-орын).

Әрине, олардың бұл табысына еш таңдануға болмайды. Себебі бұл мемлекеттердің дзюдо­шыларының барлығы да халықаралық ареналарда табысты өнер көрсетіп жүр. Мәсе­лен, былтыр Токио Олимпиадасында жа­пон жігіттері 5 алтын алып, жергілікті жанкүйер­лер­ді қуаныш пен шаттыққа бөледі. Алақандай Гүржі елінің қырандары 1 алтын мен 3 күмісті қан­жығаларына байласа, ресейліктер екі қоланы қоржынға салды.

Олимпия ойындарының алдында ғана жалауы желбіреген Будапешттегі әлем чем­пио­натындағы аталған командалардың көр­сеткіштері мынадай: Жапония – 2 алтын мен 1 қола; Грузия – 1 алтын, 1 күміс және 2 қола; Ресей – 1 алтын, 1 күміс және 1 қола.

Сондай-ақ әлемдік рейтингтің үздік онды­ғына мына елдердің татами шеберлері еніп отыр: Бельгия, Әзербайжан, Өзбекстан – 4, Қазақстан, Оңтүстік Корея, Моңғолия – 3, Франция, Молдова, Италия, Швеция, Нидер­ланд – 2, Тайпей, Беларусь, Түркия, Аустрия, Испания, Мажарстан, Германия, Португалия, Канада, Израиль, Бразилия, Чехия, Тәжікстан және Украина – 1.

Қазақстан құрама командасы мүшелерінің үшеуі «ТОП-10» дзюдошы қатарында екенін жоғарыда айттық. Өкінішке қарай, өзге жер­лестеріміз өз жанкүйерлерін өрелі өнері­мен қуанта алмай жүр. Мәселен, осы күнге дейін татамиге шығып жүргендер арасынан Ислам Бозбаев (90 кило) – 18, Ерлан Серікжанов (66 кило) – 22, Дидар Хамза (81 кило) – 32, Ер­асыл Қажыбаев (+100 кило) – 33 және Айбек Серікбай 64-орындарды қанағат тұтуда.

Республикалық федерацияның басшылары мен ұлттық құрама бапкерлері алдағы уақытта осы мәселеге баса назар аударады деп үміт­тене­­міз.

Бөлісу:
Әлемдік дзюдоның даму барысы қалай? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар