Аймақтар
2 мин оқу 250

Еріктілер қаланы тазартуға кірісті

<p style="text-align: justify;">Алматы қаласында мұқтаж жандарға көмек көрсету мақсатында еріктілер штабы жұмыс істей бастады. Штаб көмекке мұқтаж барлық қала тұрғындарына қолдау көрсетуді мақсат етеді. Волонтерлер штабында консультациялық, психологиялық, заңдық, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары және шұғыл желі телефонына келіп түскен өтініштер бойынша волонтерлік көмек көрсетіледі.</p>

Еріктілер қаланы тазартуға кірісті

Штаб жұмысына Жастар ре­сурс­тық орталығы, «Қазақстан во­лонтерлер лигасы» ҚҚ, «Жас Отан» ЖҚ, Алматы мейірімділік клубы, Lider.kz және тағы бас­қа тәжірибелі волонтерлер мен қаланың ірі волонтерлік ұйымдары жұмылдырылған. Абылай хан көшесі, 79 және Байтұрсынов көшесі, 22/1 мекен-жайында орналасқан қалалық еріктілер штабы +7 (727) 279 13 29, +7 (727) 225 49 01, +7 (705) 213 00 77 телефондары бойынша өтініштер қабылдап, күн сайын сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейді.

Бүгінде еріктілер бүлікшілер бүлігінен бүлінген қала ішін қо­қыстардан тазартып, қайта қал­пы­на келуіне бар күш-жігерін аямауда. Еріктілер ең алдымен елдегі төтенше жағдайда қо­ғам қауіпсіздігі, тұрғындардың аман­дығы үшін күресіп жатқан ау­рухана қызметкерлері мен әс­ке­рилерге, сондай-ақ нау­қас­тар­ға, зейнеткерлерге азық-түлік пен тамақ үлестіруде. Осы бір ап­та­ның ішінде еріктілер міндетіне кіріскендердің саны 300-ден асады. Қала тұрғындары, түрлі қауымдастықтар, қоғамдық қорлар мен кәсіпкерлер, тағы да басқа қала өміріне бейжай қарамайтын еріктілер бүгінде мұқтаж жандарға 21 тонна азық-түлік таратқан.

«Жастарға жол» қоғамдық қорының деректеріне сүйенсек, қаладағы аласапыран кезінде бірі тамақ істесе, бірі нан пісіріп, жан-жақты қолдан келген көмекті көрсетуге тырысқан еріктілер көп болған. Түрлі көмек түрін ұсынған алматылықтардың көп­шілігі қан тапсыруға да бар­ған. Азық-түлікпен ғана емес, қаланы қайта қалпына келтіруге де біріккен жастардың қарасы қалың. Еріктілер азық-түлік себеттері мен басқа да көмек түрлеріне өз қа­ра­жатын жұмсаған. Қайырымды жан­дардан 35 млн теңге қаржы жи­налыпты. Қиын-қыстау кезеңде жақ­сылық жасауға ұмтылған ал­ма­тылықтардың әрекеті көпке үлгі.

АЛМАТЫ

Бөлісу:
Еріктілер қаланы тазартуға кірісті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар