Аймақтар
2 мин оқу 220

Аристотельдің жаңалығы жоғары бағаланды

<p style="text-align: justify;">&laquo;Үздік ғылыми қыз&shy;мет&shy;кер-2021&raquo; республикалық байқауында Қарағанды техникалық университе&shy;тінің профессоры Арис&shy;тотель Исағұлов жеңімпаз атанды.</p>

Аристотельдің жаңалығы жоғары бағаланды

Аталған конкурсқа «Жара­ты­лыс­тану ғылымдары», «Инжи­ниринг және технологиялар», «Медицина және денсаулық сақ­тау», «Әлеуметтік және гума­ни­тарлық ғылымдар», «Ауыл шаруа­шылығы және ветеринария ғы­лымдары», «Әскери ғылымдар және ұлттық қауіпсіздік» сынды жеті бағыт бойынша 575 ғалым мен ғылыми қыз­меткер қатысты.

Құрамына жетекші ғалым­дар, тәуел­сіз сарапшылар, мем­лекеттік органдардың өкілдері, жас ғалымдар кеңесі мен жас ғалымдар альянсының мүшелері енген комиссияның ше­шімімен Аристотель Исағұлов отан­дық ғылым мен техниканың да­муы­на елеулі үлес қосқан қазақ­стан­дық­тарды қолдауға және көтер­мелеуге бағытталған сыйлыққа лайықты деп танылды.

Еске сала кетсек, қара­ған­ды­лық ғалым былтыр уни­вер­си­теттегі бір топ әріптестерімен бір­ге ғылым мен техника саласы бо­йынша Әл-Фараби атындағы Мем­­лекеттік сыйлыққа ие болған еді.

Профессор Аристотель Иса­ғұлов 1 086 ғылыми еңбектің – моногра­фиялар, ғылыми мақа­ла­лар, патенттер, оқулықтар және оқу құралдарының авторы. Үш ғылым докторын және 18 ғылым кандидатын және 15 PhD даяр­лаған.

Бүгінде «Қарағанды техника­лық университеті» КеАҚ-тың атқарушы директоры болып қыз­мет ететін Аристотель Иса­­ғұлов тау-кен металлургия са­ла­сын технологиялық жаң­­­ғыр­туға бағытталған үл­кен жұ­­мыстарды атқарып жүр. Оның зерттеулерінің нәти­же­лері 26 кәсіпорында сәтті енгі­зілген. Олардың қатарында «Ар­селор­Миттал Теміртау» АҚ, «Қа­зақ­стан алюминийі» АҚ, «Қа­рағанды машина жасау консорциумы» ЖШС және «Қазақмыс» корпорациясының ҚҚМЗ сияқты ірі компаниялар бар.

«Үздік ғылыми қыз­мет­кер-2021» байқауында ғы­лы­ми-зерттеу институттары мен жо­ғары оқу орындары атынан бақ сынаған 50 ғалымның мара­патталғанын айта кеткен жөн. Олардың әрқайсысына 5 млн 834 мың теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйақы және арнайы куәлік табыс етілді.

ҚАРАҒАНДЫ

Бөлісу:
Аристотельдің жаңалығы жоғары бағаланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар