Қазақстан
3 мин оқу 290

Биыл ҮЕҰ-ға 50-ден астам грант бөлінеді

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысымен 2022 жылға арналған ҮЕҰ-ға 53 тақырып бойынша мемлекеттік гранттар ұсыну жөніндегі конкурс жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекеттік гранттық жобалар адам, балалар құқықтарын қорғау, гендерлік теңдікті дамыту, білім беру, денсаулық сақтау, қоршаған орта және ұлттық бірлікті ілгерілету сияқты қоғамның әлеуметтік, мәдени салаларының 12 бағытын қамтиды.

Қазіргі уақытта Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы үкіметтік емес ұйымдардан өтініштерді қабылдап жатыр. Құжаттарды қабылдау 2022 жылдың 7 ақпанына дейін жалғасады.

«Өткен жылдардағыдай біз шағын гранттар, әдістемелік, талдамалық, ұйымдастырушылық көмек сияқты құралдар арқылы ҮЕҰ-ға, азаматтық бастамаларға жан-жақты және көпбейінді қолдау көрсетуге бағытталған жұмысты жалғастыратын боламыз.

Ең бастысы, Орталық мемлекеттік және мемлекеттік емес қаражатпен жұмыс істей отырып, гранттарды іске асырудың ашықтығы мен есептілігіне басым назар аударатын болады», деп мәлімдеді Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы Басқармасының төрайымы Лима Диас.

Мемлекеттік гранттарды ұсыну конкурсына қауқарсыз деп танылған (банкрот), мүлкі қамауға алынып, қаржылық әрекеті тоқтатылған, тарау үдерісінде тұрған ҮЕҰ-дан өзге, гранттарды алу үшін өтінім жасаған, ҮЕҰ-дың мәліметтер базасында мәліметтері бар және конкурсқа қатысуға Қағидалармен бекітілген талаптарға сәйкес келетін өтінім ұсынған ҮЕҰ қатыса алады.

Бөлісу:
Биыл ҮЕҰ-ға 50-ден астам грант бөлінеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар