Кәсіпқой бокс
1 мин оқу 482
WBC кезекті конвенциясын Қазақстанда өткізеді
<p style="text-align: justify;">Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBC) биылғы конвенциясын Қазақстанда өткізетін болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап.</p>

«Бүкіләлемдік бокс ұйымы алпысыншы конвенциясын Қазақстанда өткізу туралы шешім қабылдады. Іс-шара Қазақстанда күзде ұйымдастырылады. Ұйым конвенцияның бокс спорты айрықша дамыған Қазақстанда өткенін толыққанды қолдайды. Азия құрлығындағы ең мықты бокс державасы біздің ажырамасы бөлшегімізге айналған», делінген хабарламада.
Бөлісу: