Аймақтар
1 мин оқу 225

Маңғыстауда 300-ге жуық азамат төтенше жағдай режимін бұзған

<p style="text-align: justify;">Маңғыстауда төтенше жағдай кезінде барлығы 50 мыңға жуық азамат, коменданттық сағат кезінде 513 азамат тексерілді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін Әкімшілік кодекстің 476-бабы бойынша жауапкершілік көзделген. Алты тәулікте барлығы 252 азаматқа қатысты әкімшілік хаттама жасақталып, іс-қағаздар әкімшілік сотқа жолданды», деп жазылған Маңғыстау ПД таратқан хабарламада.

Маңғыстау облысы коменданты Жанарбек Бақтыбаев облыс тұрғындарын төтенше жағдай режимін және коменданттық сағат ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Бөлісу:
Маңғыстауда 300-ге жуық азамат төтенше жағдай режимін бұзған · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар