Аймақтар
1 мин оқу 315

Павлодар облысында тағы төрт жол жабылды

<p style="text-align: justify;">Павлодар облысында боранға байланысты бірқатар бағытта жолдар жабылды. Өңірлік ТЖД тұрғындарғаа алыс жолға шықпауға кеңес береді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Павлодар облысында тағы төрт жол жабылды

Ауа райының нашарлауына байланысты (боран, нашар көріну, көктайғақ) Шідерті кентінен Ақмола облысының шекарасына дейінгі Нұр-Сұлтан – Ерейментау – Шідерті (200-254 км) автожолдарының республикалық маңызы бар учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс тоқтатылды.

Сағат 14.30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көктайғақ, нашар көріну) республикалық маңызы бар учаскеде қозғалыс жабылды. Аққулы ауылынан ШҚО шекарасына дейінгі Омбы – Майқапшағай автожолында (526-587 км) көліктердің жүруіне тыйым салынды.

Сағат 15.30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көктайғақ, нашар көріну) республикалық маңызы бар учаскеде қозғалыс жабылды, Ленин кентінен Шідерті кентіне дейінгі Қызылорда - Павлодар (1367-1206 км) автожолында көліктің барлық түрлері үшін жол жабық.

Бөлісу:
Павлодар облысында тағы төрт жол жабылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар