Оқиға
1 мин оқу 212

Өскеменде көп қабатты үйден өрт шықты

<p style="text-align: justify;">Өскемен қаласында өрт шыққан көпқабатты үйден 18 адам эвакуацияланды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Өскеменде көп қабатты үйден өрт шықты

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 қаңтарда сағат 20.30 шамасында Шәкәрім даңғылындағы 4 қабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінде өрт шықты.

«Оқиға орнына өрт сөндірушілер келген кезде подъез ішін көк түтін басқан. Олар қауіпсіздік мақсатында 18 тұрғынды, оның ішінде 6 баланы дереу эвакуациялады. Денесін күйік шалған 63 жастағы үй иесі мен оның уланған 37 жастағы қызы ауруханаға жатқызылды. Көп ұзамай ТЖД қызметкерлері жалпы ауданы 8 шаршы метрді шарпыған қызыл жалын толықтай ауыздықталды», делінген ақпаратта.

Тілсіз жауды өшіруге жеке құрамнан 18 адам мен 6 техника жұмылдырылған. Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығу себебі темекі шегу кезінде сақтық шараларын сақтамаудан болуы ықтимал.

Бөлісу:
Өскеменде көп қабатты үйден өрт шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар