Оқиға
1 мин оқу 300

Қар құрсауында қалған онға жуық көлік құтқарылды

<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстан облысында қар құрсауында қалған онға жуық көлік құтқарылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Қар құрсауында қалған онға жуық көлік құтқарылды

Департамент баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 қаңтарда өңір жұртшылығына бұрқасын, көктайғақ және қатты жел ескерту жарияланған. Тұрғындарға елді мекендерден алыс жолға шықпау қажеттілігі түсіндірілді. Алайда бұл кеңесті тыңдамағандар да болды.

«Мәселен, республикалық маңызы бар «Шемонаиха-РФ шекарасы» тасжолының Шемонаиха ауданы маңында 2 шағын автобус, 6 жеңіл және 3 жүк көлігі қар құрсауында қалған. Құтқарушылар, жол қызметтері және жергілікті атқарушы орган өкілдері оқиға орнына жылдам жетті. 10 адам, оның ішінде бір бала Шемонаиха қаласының жылыту пунктіне жеткізілді. Оларға барлық қажетті көмек көрсетілді», делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта барлық көлік қар құрсауынан шығарылған. Сондай-ақ тасжолдың аталған учаскесі қардан тазартылды.

Бөлісу:
Қар құрсауында қалған онға жуық көлік құтқарылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар