Оқиға
1 мин оқу 363

520 литр спирт тәркіленді

<p style="text-align: justify;">Петропавл қаласының қақ ортасындағы Бостандық көшесіндегі қойма бөлмелерінің бірінен 520 литр лицензияланбаған спирттік сұйықтық және акциздік маркалары жоқ 259 блок темекі өнімдері тәркіленді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

520 литр спирт тәркіленді

Жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы, полиция майоры Рустам Садуловтың айтуына қарағанда аталған заңсыз тауарлардың иесіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 463-бабының 1-бөлігі бойынша материал жиналған.

Баптың санкциясымен жеке тұлғаларға қатысты 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл көзделген.

Жыл басынан бұл СҚО полицейлері тәркілеген лицензияланбаған алкогольдің ең ірі партиясы.

Бөлісу:
520 литр спирт тәркіленді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар