Аймақтар
1 мин оқу 190

Ақмола облысында республикалық маңызы бар екі жол жабылды

<p style="text-align: justify;">Ақмола облысында қолайсыз ауа райына байланысты республикалық маңызы бар екі жол бөлігі жабылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ақмола облысында боран соғып, қар жауып, жолдың көрінбеуіне байланысты 16 қаңтар сағат 23:00-ден бастап Макинск - Ақсу - Торғай бөлігінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды. (Макинск қаласы - Торғай ауылы), Екатеринбург - Алматы жолы (1114-1227 км, Жалтыр станциясы - Қажымұқан ауылы).

Сондай-ақ, 16 қаңтарда сағат 23.30-дан бастап боран соғып, қар жауып, жолдың көрінбеуіне байланысты республикалық маңызы бар жол бөлігі Екатеринбург-Алматы тас жолы (1229-1426 км, Нұр-Сұлтан қаласы - шекара) жолаушылар және жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды.

Министрлік төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында көлік жүргізушілеріне алыс сапарға шықпауға кеңес берді.

Бөлісу:
Ақмола облысында республикалық маңызы бар екі жол жабылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар