Аймақтар
1 мин оқу 201
Алматыда бүлікке қатысы бар 2,6 мың адам ұсталды
<p style="text-align: justify;">Алматы комендатурасының ақпараттық орталығы терроризмге қарсы операция басталғаннан бері 2 601 адам ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Алматы қаласының комендатурасы терроризмге қарсы операция басталғаннан бері заңсыз шерулер, тонау және басқа да қылмыстарға қатысқан 2 601 адам ұсталғанын хабарлайды.
Барлығы 127 атыс қаруы мен 4 077 оқ-дәрі тәркіленді», деді ведомство өкілдері.
Өткен тәулікте «102» пультіне 329 хабарлама келіп түскен.
«Комендатураның колл-орталығына жедел ден қоюды талап еткен азаматтардан 48 дабыл түсті. Барлық хабарлама пысықталды», деп аяқтады полиция өкілдері.
Бөлісу: