Әлем
1 мин оқу 314
Малидің бұрынғы президенті қайтыс болды
<p style="text-align: justify;">2020 жылдың 18 тамызында биліктен ығыстырылған Малидің бұрынғы президенті Ибрагим Бубакар Кейта қайтыс болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Бұл туралы журналистерге Кейтаның отбасы мүшелері мәлімдеген.
Экс-президент жергілікті уақыт бойынша сағат 09.00-де Бамакодағы резиденциясында қайтыс болған.
76 жастағы саясаткердің неден қайтыс болғаны туралы ақпарат айтылған жоқ.
Айта кетейік, Кейта 2013-2020 жылдар аралығында Мали президенті қызметін атқарған.
Бөлісу: