Қазақстан
1 мин оқу 400
Еңбек министрлігі халықты алданып қалмауға шақырды
<p style="text-align: justify;">ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі онлайн сауалнама жүргізіп, кейіннен 50 мың теңге мөлшерінде сыйақы төлейтіні туралы мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
Азаматтарға алаяқтар мұндай хабарламаларды жеке аккаунттар мен банктік шоттарға қол жеткізу үшін қолдануы мүмкін екенін ескертеміз. Ешқашан күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және алаяқтықтың құрбаны болмас үшін жеке мәліметтеріңізді қалдырмаңыз.
Азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауды және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуды сұраймыз.
Жалған ақпаратты тарату заң бойынша жазаланатынын еске саламыз.
Бөлісу: