Кәсіпқой бокс
1 мин оқу 461
Айдос кубалық әлем чемпионымен жұдырықтасуы мүмкін
<p style="text-align: justify;">Екінші орта салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлы WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы, кубалық боксшы Давид Морелламен жұдырықтасуы ықтимал, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Соңғы деректерге сенсек, екі боксшының командасы жекпе-жекті өткізу мәселесі бойынша келіссөздерді бастап кеткен. Алайда кездесудің қай айда өтетіні туралы әзірге нақты ақпарат жоқ. Әйткенмен қазақ оғланы кезекті жекпе-жегіне дайындықты осы аптада бастайтыны белгілі. Соған қарағанда тараптар келісімге келіп жатса, екі боксшы 2-3 айдың көлемінде рингте кездесуі бек мүмкін.
Бөлісу: