Экс-депутат «Қазақстан халқына» қорына 5 млн теңге аударды
<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бұрынғы депутаты Нұртай Сабилянов «Қазақстан халқына» қорына 5 миллион теңге аударды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>
«Қазақстан халқына» қорына 5 миллион теңге аударамын дегенім әлеуметтік желіде біраз талқыланыпты.
Айтарым, бұл кәсіпкерлікпен айналысып, тиісті салықты төлеп, тапқан табыстан көмек ретіндегі шын ниетім.
Бүгін «Қазақстан халқына» қорына 5 миллион теңге аудардым», деп жазды Нұртай Сабилянов фейсбуктегі парақшасында.

Айта кетейік, «Қазақстан халқына» қоры 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен құрылды. Соңғы ақпараттар бойынша, қоғамдық қорға 12 миллиард теңгеден аса қаражат жиналған.