Коронавирус
2 мин оқу 280

Екі ауданда екпе баяу жүруде

<p style="text-align: justify;">Қызылордада облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен онлайн форматта коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі облыстық жедел штаб отырысы өтті.</p>

Екі ауданда екпе баяу жүруде

Қазір өңір «қызыл аймақта» тұр. Соңғы аптада індет жұқ­тыр­ғандардың тәулігіне 300-ден асып бара жатқаны аймақта эпидемиялық жағдайдың күр­делене түскенін көрсетеді.

– «Дельта» мен «омикрон» штамы таралып, жағдай ауырлай түсуде. Індетті жеңудің бірден-бір жолы – жаппай вакциналау жұмыстарын жалғастыру екенін ұмытпаған жөн. Осы күні облыста екпенің I компонентін 418 154, екіншісін 392 943 тұр­ғын алды. Ал 30 213 адам ревакциналаудан өткен. Соған қара­мастан ахуал ауырлай тү­сіп отыр. Әсіресе, екпе алуға қабілетті жасөспірімдерді вакциналау қарқынын күшейту керек. Шиелі, Жаңақорған аудандарда екпе баяу жүруде, – деді Г.Әбдіқалықова.

Жиында облыстық санитар­лық-эпидемиологиялық бақы­лау де­пар­таменті басшысының мін­детін атқарушы Әлия Әбді­қай­ымова өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда вирус жұқтыру көрсеткіші 20 есеге өсіп отырғанын айтып өтті.

Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергенов аймақтағы кәсіпкерлерлік ны­сан­дарында Ashyq қосым­шасын пайдалану аясын ұл­ғай­ту бағытын баяндады. Бү­гін­де облыста 3 851 нысан осы қосымшамен жұмыс жасап отыр. Тұтынушылар арасында түсіндірме жұмыстары жалғасуда. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазыловтың айтуынша, жыл басынан бері облыста 1 800-ден астам тұрғын індет жұқтырған. Ірі ошақ – Қызылорда қаласында. Аудандар арасынан Шиелі мен Жаңақорғанда вирусқа шалдыққандар саны көптеп тіркеліп отыр.

Өткен жылдың соңында сая­бырсып қалған вирустың қайта көбеюіне байланысты өңір басшысы инфекциялық стационарлардағы төсектік орын санын көбейту қажеттігін ес­ке салды. Бүгінде 535 төсек-орын әзірленген. Қажеттілікке қарай оның санын 3 200-ге дейін арттыруға мүмкіндік бар. Сонымен қатар 142 мобильді топ үй жағдайында қызмет көрсе­туде. Ал емханаларда 21 ахуал­дық орталық жұмыс істеп тұр.

Жиында облыстық білім басқармасының басшысы Ақзи­ра Қасымова оқушылар арасында індеттің таралу жиілігіне байланысты ұсыныстар айтты. Облыс орталығындағы бала саны 600-ден асатын мектептер онлайн оқуға көшсе, ауылдық мектеп шәкірттері офлайн білім алады. Сондай-ақ қашықтан оқитын мектептердегі 1-2 сынып оқушыларын дәстүрлі формат бойынша оқытқан жөн.

Штаб отырысын қорытынды­лаған аймақ басшысы жауапты салалық басқарма мен департамент басшыларына, қала және аудан әкімдеріне нақты тапсырма жүктеді. Мониторингтік топтар жұмысын жандандырып, тұрғындар арасында ревак­циналауды күшейту керек. Тап­сырмаға сәйкес облыстық ден­саулық сақтау, білім басқар­ма­лары мен санитарлық-эпи­де­­миология­лық бақылау депар­та­мен­­ті қала, аудандар бойынша КВИ-ге қарсы вакциналау жүргізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіретін кураторлар та­ғайын­дап, жасөспірімдерге ек­пе салудың іс-шара жоспарын әзірлеуге тиіс.

Қызылорда облысы

Бөлісу:
Екі ауданда екпе баяу жүруде · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар