Спорт
1 мин оқу 594

Олимпиадада ел атауы қазақша жазылады

<p style="text-align: justify;">Қазақстан тарихында тұңғыш рет олимпиадалық құраманың формасы қазақша&nbsp;&nbsp;QAZAQSTAN&nbsp;деген атаумен шығады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Olympic.kz-ке сілтеме жасап.</p>

Маңызды элементті халықаралық белгіден ұлттық белгіге өзгерту үшін Халықаралық Олимпиада комитетінен арнайы рұқсат алынды. Бұл ретте Қазақстан ХОК-тың үш әріптік кодтарының тізімінде KAZ белгісімен қала береді. Өйткені аббревиатура халықаралық стандартқа сәйкес пайдаланылады.

Қазақстан ҰОК ана тілінде дайындалған олимпиадалық киім-кешектің маңызды элементтерінің бірі атлеттерге сенімділік беріп, олар үшін отандастарды қолдаудың символына айналатынына сенеді.

«Олимпиада ойындары - ең алдымен үздік атлеттер өз байрағымен шығатын достық пен бейбітшіліктің үлкен фестивалі. Бұл тек спортшылар үшін ғана емес, өз командаларын қолдайтын барлық жанкүйер үшін маңызды оқиға. Олимпиада кезіндегі кез – келген жабдыққа басты назар аударылады. Сондықтан ел атауының QAZAQSTAN деп жазылуы - ұлттық құраманы және бүкіл елді әлемдік қауымдастық алдында өте маңызды қадам болып саналады. Қазақ мәдениетінің ұлттық элементтері форма дизайнында халықтың салт-дәстүрлері мен өзіндік ерекшелігін ерекше атап өту үшін әрқашан да маңызды рөл ойнайтын. Біздің шетелдік әріптестеріміз жаңа жазуға жоғары баға берді. Біздің атлеттерге де форманың жаңа элементі ұнайтынына сенімдіміз. Олимпиадашылар - Қазақстанның шетелдегі маңызды елшілері. Сондықтан біздің отандастарымыз біздің командамызға - өз командасына қолдау көрсетеді деп үміттенеміз», деп атап өтті еліміздің Ұлттық Олимпиадалық комитетінде.

Бөлісу:
Олимпиадада ел атауы қазақша жазылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар