Тағайындау
1 мин оқу 244

Индустрия министрлігінің баспасөз хатшысы ауысты

<p style="text-align: justify;">Белгілі журналист Жанжігіт Омархан Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұған дейін Жанжігіт Омархан Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде БАҚ-пен жұмыс жөніндегі құрылымдарды басқарған болатын.

Жажжігіт Омархан Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде «Журналистика» және «Құқықтану» мамандықтары бойынша білім алған.

Сондай-ақ, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығ бойынша тәмамдаған.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Журналистика» мамандығы бойынша магистратурасын аяқтаған.

Еңбек жолын 2009 жылы «Астана» телеарнасында бастап, журналист-редактор және бағдарламалар жүргізушісі болып жұмыс істеді.

2011-2015 жылдар аралығында «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасы мен «Еуразия - Бірінші арнасында» бағдарламалар мен ток-шоулар жүргізді.

2016 жылы – «Астана» телеарнасының «Өзекті» авторлық бағдарламасының жетекшісі және жүргізушісі.

2018-2019 жылдары – Жамбыл облысының «Өңірлік коммуникациялар қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі.

2019 жылдан 2021 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің баспасөз хатшысы қызметiн атқарды.

Бөлісу:
Индустрия министрлігінің баспасөз хатшысы ауысты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар