Аймақтар
1 мин оқу 334

ШҚО-да республикалық жолдар жабыла бастады

<p style="text-align: justify;">Ауа райы қолайсыздылығына байланысты Қарағанды &ndash; Аягөз &ndash; Бұғаз республикалық тас жолының учаскесінде қозғалыс жабылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.</p>

Ауа райының нашарлауына байланысты 19 қаңтарда сағат 14:30-дан бастап Шығыс Қазақстан облысының аумағында Қарағанды – Аягөз – Бұғаз республикалық автожолының учаскесінде (296-320 км, Еңбек ауылы – ШҚО шекарасы) көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды», деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, ведомство өңірде дауылды ескерту жарияланғанын хабарлады.

«20 қаңтарда Қарағанды облысының солтүстігінде тұман, облыстың оңтүстік-шығысында төменгі бұрқасын күтіледі. Қарағандыда 20 қаңтарға қараған түні тұман түседі», делінген хабарламада.

Бөлісу:
ШҚО-да республикалық жолдар жабыла бастады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар