Қазақстан
1 мин оқу 472

Еліміздің басым бөлігінде күн суытады

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК-ға сілтеме жасап.</p>

Ақмола облысының батысы мен оңтүстігінде тұман түседі.

Атырау облысының батысы мен орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, шығысында боран, жолдарда көктайғақ, солтүстігінде тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, шығысында, оңтүстік-батысында боран соғады. Облыстың батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Орал қаласында боран соғады. Түнде және таңертең тұман түседі.

Қарағанды облысының солтүстігінде тұман түсіп, облыстың оңтүстік-шығысында боран соғады. Қарағанды қаласында түнде тұман түседі.

Қызылорда облысының солтүстігі мен оңтүстігінде тұман сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ күтіледі.

Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында, шығысында тұман күтіледі. Павлодар қаласында тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Петропавл қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

Бөлісу:
Еліміздің басым бөлігінде күн суытады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар