Президент
1 мин оқу 442

Президент: Қару-жарақ паркін жаңарту үшін шұғыл шаралар қабылдау қажет

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасының Президенті &ndash; Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кеңес өткізді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақордаға сілтеме жасап.</p>

Президент: Қару-жарақ паркін жаңарту үшін шұғыл шаралар қабылдау қажет

Мемлекет басшысы Қазақстан армиясының техникалық және жауынгерлік жабдықтарын жаңарту міндетін жүктеді.

«Әскердегі қару-жарақтың дені – 30-50 жыл болған кеңес дәуіріндегі техника. Ескірген техникалардың мерзімінің өткеніне байланысты қару-жарақ паркін жаңарту үшін шұғыл шаралар қабылдау қажет. Қарулы Күштер заманауи әрі жоғары технологиялық қару-жарақпен, әскери техникамен жабдықталуы тиіс. Қабылданатын шаралар жүйелі болуы керек. Қару-жарақ пен әскери техниканы жөндейтін, оларға қызмет көрсететін отандық өндірісті дамыту қажет», деді Жоғарғы Бас қолбасшы.  

Мемлекет басшысы әскердің шұғыл әрекет ету қабілетін арттырып, әскери-транспорттық авиацияның әлеуетін күшейту қажет екеніне тоқталды. Оның айтуынша, әскери борышты өтеу міндетінің беделін көтеріп,  абыройын арттыру қажет.  

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасының сабақтарын ескере отырып, Қару-жарақ және әскери техника сатып алу жөніндегі 2022 жылға арналған жоспарды қайта қарауды және Қарулы Күштердегі кадрлық әлеуетті арттыру шараларын қабылдауды тапсырды.

Бөлісу:
Президент: Қару-жарақ паркін жаңарту үшін шұғыл шаралар қабылдау қажет · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар