Аймақтар
1 мин оқу 440

Қару ұрлап, үйлерді тонаған

<p style="text-align: justify;">Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде қару ұрлаған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қалалық ПД мәліметінше, топ құрамына Алматы облысының 29-36 жас аралығындағы төрт тұрғыны кірді.

Олардың екеуі - бұрын бөтеннің мүлкін тонау және ұрлау үшін сотталған адамдар.

«5-6 қаңтарға қараған түні шабуылдаушылар жеке күзет ұйымдарының қызметкерлеріне бірнеше рет шабуыл жасап, қызметтік қаруды иемденді. Содан кейін олар жеке секторға бет алды. Жәбірленушілерді атыс қаруымен қорқытып, олардың жеке мүлкі мен екі көлігін ұрлады. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», деп хабарлады Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев. 

Бөлісу:
Қару ұрлап, үйлерді тонаған · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар