Экономика
1 мин оқу 190

Зардап шеккен кәсіпкерлер коммуналдық қызмет төлеуден босатылды

<p style="text-align: justify;">Алматыда зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілеріне қолдау көрсетіледі. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев актив отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Зардап шеккен кәсіпкерлер коммуналдық қызмет төлеуден босатылды

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, әкімдік ШОБ субъектілеріне қаржылық және басқа да қолдау көрсетеді.

«Біз зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілерін 3 айға коммуналдық шығындардан босатамыз. Яғни, зардап шеккен бизнестің коммуналдық шығындары жергілікті бюджет есебінен жабылады. ШОБ субъектілерін коммуналдық нысандарды жалға алу ақысынан 6 ай мерзімге босатамыз. Бірақ, бұл мәселе әр нысанмен жеке шешіледі. Қазір жалға берушілермен зардап шеккен бизнеске жеңілдіктер бойынша келіссөз жүргізіп жатырмыз», деді Алматы әкімі.

Қазіргі уақытта «Silk way»,«Пассаж», «ЦУМ» сауда орталықтары зардап шеккендерді жалдау ақысын төлеуден босатуға дайын екендерін растады.

Бөлісу:
Зардап шеккен кәсіпкерлер коммуналдық қызмет төлеуден босатылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар