Аймақтар
1 мин оқу 1,081

Көлігі өртенген алматылықтардың шығыны өтеле ме?

<p style="text-align: justify;">Алматы қаласындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде көлігі қирағанын нақты дәлелдей білген жүргізушілерге келген шығынды өтеу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;inform.kz-ке сілтеме жасап.</p>

Көлігі өртенген алматылықтардың шығыны өтеле ме?

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында қала әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров осы мәселеге қатысты сауалға жауап берді.

«Тұрғындардың тікелей жеке мүлкіне келетін болсақ, бұл мәселелерді пысықтаймыз. Көп жеке автокөлік зардап шеккені түсінікті, жай зақымданғаны, өртеніп кеткендері бар. Мәселені қарастырып жатырмыз, зардап шеккен халық мүмкін полицияға арыз беруі керек шығар. Егер олардың көлігі қаңтар оқиғасы кезінде бүлінгені расталса, оны өтеу мәселесін қарастырамыз», деді әкім орынбасары.

Бөлісу:
Көлігі өртенген алматылықтардың шығыны өтеле ме? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар