Ертең ауа райы қандай болады?
<p style="text-align: justify;">Қазақстандық синоптиктер 21 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Ел аумағының басым бөлігі антициклон жотасының ықпалында болады. Бұл жауын-шашынсыз ауа райы күтілетінін білдіреді. Тек еліміздің батысы мен оңтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен жауын-шашын (көбінесе қар), желдің күшеюі, боран, көктайғақ болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі», деп хабарлады «Қазгидромет» РМК синоптиктері.
Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы, тау бөктерінде тұман түседі, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста және таулы аудандарда жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Таңертең және күндіз Қызылорда облысының орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктерінде тұман түседі, солтүстігінде, таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді.
Түнде солтүстікте, Алматы облысының таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ, солтүстік-шығысында тұман күтіледі.
Ақмола, Батыс Қазақстан, Атырау, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде тұман күтіледі.