Елорда
1 мин оқу 280

Елордалық 222 мыңнан астам тұрғын жол ақысын төлемеген

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық көліктерінде өткен жылы жол ақысын төлемеген 222 мыңнан астам адам анықталды. Бұл жайында &laquo;City Transportation Systems&raquo; компаниясынан мәлім етті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Елордалық 222 мыңнан астам тұрғын жол ақысын төлемеген

Аталған деректерді қалалық Көліктік бақылау департаменті Facebook-парақшасында жариялады.

Компания мәліметінше, 2021 жылдың қорытындысында Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері жол жүру ақысын төлеуден жалтарудың 222 415 фактісін анықтады. Оның ішінде 9 900 жолаушы ҚР ӘҚБтК-нің 622-бабының 2-бөлігі бойынша 57 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, таратылған ақпаратта Көліктік бақылау департаменті қоғамдық көлік жүргізушілерінің аялдама пунктіне кірмеуіне, қозғалыс аралығын сақтамауына, қозғалыс сызбасын өзгертуіне және тағы да басқа жайттарға мониторинг жүргізетіндігі айтылған.

Бөлісу:
Елордалық 222 мыңнан астам тұрғын жол ақысын төлемеген · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар