Қазақстан
1 мин оқу 260

Оғландардың ордені туыстарына табыс етілді

<p style="text-align: justify;">Талдықорған мен Қызылорда қалаларында құқықтық тәртіпті қалпына келтіру кезінде қаза тапқан Айбат Аманов пен Мадияр Қайсаров Мемлекет басшысының Жарлығымен III дәрежелі &laquo;Айбын&raquo; орденімен марапатталған болатын. Жоғары награданы марқұм сарбаздардың туыс&shy;тарына Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек табыс етті.</p>

Оғландардың ордені туыстарына табыс етілді

– Бейбіт уақытта біздің жауын­гер­ле­ріміздің өлімі барлығымыз үшін үлкен қайғы болды. Біз Отан қорғаушыларының, өмірінің соңына дейін Заңға және Қазақстан халқына қызмет еткендердің бар­лығының есімдерін әрдайым есте сақтайтын боламыз. Біз үшін Ай­бат пен Мадияр мәңгі ерлік пен абыройдың үл­гісі болып қала бе­реді. Олардың есім­дері Қазақ­стан Рес­публикасы Ұлт­тық ұла­ны­­ның ерлік шежіресіне өшпестей жазылады, – деді рәсім барысында өңір басшысы.

Сонымен бірге облыс әкімі Жеңіс Қасымбек, Ұлттық ұлан Бас қол­басшысының тәрбие және әлеумет­тік-құқықтық жұмыстар жөнін­дегі орынбасары генерал-майор Әлібек Серәлиев және Ұлттық ұлан­ның «Орталық» өңірлік қолбас­шылығының қолбасшысы полковник Сәкентай Шекарбеков лайықты ұрпақ тәрбиелегені үшін қаза тапқан сарбаздардың ата-аналарына алғыс сезімін жеткізді.

Наградадан бөлек Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшы­лығының әскери қызметшілері атынан қаза тапқан сарбаздың туыстарына 7 млн теңгеден табыс етілді.

Еске сала кетер болсақ, қаза тап­қан сарбаздардың бірі Айбат Аманов Жаңаарқа ауданындағы Атасу кентінде дүниеге келген. Он сегіз жастағы ұлан Талдықорған қала­­сындағы №5514 әскери бөлім­де қызмет етті. Ал Қарағанды қала­сының тумасы Мадияр Қайсаров Қызылорда қаласында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты №5547 әскери бөлімде әскери борышын өтеп жүрген болатын.

 

Қарағанды облысы

Бөлісу:
Оғландардың ордені туыстарына табыс етілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар