Коронавирус
1 мин оқу 350
Өткен тәулікте коронавирустан тағы жеті адам қайтыс болды
<p style="text-align: justify;">Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан жеті адам қайтыс болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Денсаулық сақтау министрлігінің 20 қаңтардағы мәліметі бойынша, қайтыс болғандардың алтауында коронавирус инфекциясы оң нәтиже берген, біреуі пневмониядан қайтыс болған.
21 қаңтардағы жағдай бойынша 124 744 адам (123 205+ және 1 539 КВИ-) коронавирустан емделіп жатыр, оның ішінде 8 929 науқас стационарда, 115 815 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:
396 науқастың жағдайы ауыр,
88 науқастың жағдайы өте ауыр,
57 науқас жасанды тыныс беру аппаратында жатыр.

Бөлісу: