Оқиға
1 мин оқу 325

ШҚО-да жол апатынан 4 адам қаза тапты

<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан 4 адам көз жұмды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 19 қаңтарда «Омбы-Майқапшағай» тасжолында Жарма ауданының аумағында болған. Сағат 13:00 шамасында тасжолда келе жатқан Kia Rio мен Mitsubishi маркалы автокөліктер бетпе-бет соқтығысты.

Жол апаты салдарынан Kia Rio көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы және Mitsubishi көлігінің бір жолаушысы сол жерде жан тапсырды. Сондай-ақ Mitsubishi-дің жүргізушісі мен екі жолаушысы көптеген дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 4-бөлігіне (Абайсызда екі немесе одан да көп адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерінің бұзылуы) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Бөлісу:
ШҚО-да жол апатынан 4 адам қаза тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар