Білім
1 мин оқу 484

Мектептегі каникулдардың мерзімі белгіленді

<p style="text-align: justify;">ҚР Білім және ғылым министрлігі 2021&ndash;2022 жылдары орта білім мекемелерінде оқу жылының басталуы мен ұзақтығы, каникул кезеңдеріне қатысты 2021 жылғы 27 шілдедегі бұйрыққа өзгеріс енгізді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Мектептегі каникулдардың мерзімі белгіленді

2022 жылғы 13 қаңтардағы бұйрыққа сәйкес, меншік нысанына және қандай ведомствоға бағынатынына қарамастан, мектептердегі 2021–2022 оқу жылының кезеңі мынадай мерзімге белгіленді:

Оқу жылының ұзақтығы: 1-сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11-інші (12) сыныптарда – 34 оқу аптасы;

Оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері: 1-11 (12) сыныптарда: күзгі демалыс – 7 күн (2021 жылғы 1-7 қарашаны қоса алғанда), қысқы демалыс – 18 күн (2021 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 16 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі демалыс –12 күн (2022 жылғы 19-30 наурызды қоса алғанда).

Сондай-ақ 1-сыныптарға арналған 7 күн қосымша каникул 2022 жылғы 7-13 ақпан аралығына белгіленді.

Бөлісу:
Мектептегі каникулдардың мерзімі белгіленді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар