Аймақтар
1 мин оқу 150

Алматыда ауылшаруашылық жәрмеңкелері апта сайын өтеді

<p style="text-align: justify;">22 қаңтардан бастап апта сайын Алматы қаласының 5 ауданында (Алмалы, Медеу, Бостандық, Алатау, Әуезов) сенбі-жексенбі күндері азық-түлік жәрмеңкелері өтеді. Бұл туралы брифинг барысында қала әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымов айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматыда ауылшаруашылық жәрмеңкелері апта сайын өтеді

Қала бойынша азық-түлік тауарларының тапшылығы байқалмайды.

«Ертеңнен бастап апта сайын Алматы қаласының 5 ауданында (Алмалы, Медеу, Бостандық, Алатау, Әуезов) демалыс күнгі азық-түлік жәрмеңкелері қайта басталады. Оған Алматы облысының жақын аудандарынан ауылшаруашылық тауарын өндірушілер, сондай-ақ Алматы қаласының азық-түлік кәсіпорындары қатысады», дейді Мақсат Қиқымов.

Мақсат Қиқымовтың айтуынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны ұстап тұру бойынша шаралар қабылдау қала әкімдігі жұмысының басым бағыттарының бірі.

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік (ӘМАТ) тауарларының бағасын ұстап тұру үшін бірқатар жүйелі және жедел шаралар қабылданады. Қаланың сауда нүктелеріне төмендетілген бағамен тікелей жеткізу үшін ӘМАТ өндірушілерімен 19 меморандум жасалды», деді ол.

Бөлісу: