Спорт
1 мин оқу 162

Жас конкьишілеріміз әлем кубогінде жүлдеге ілікті

<p style="text-align: justify;">Австрияның Инсбурк аймағында конкьимен жүгіру бойынша жастар арасында әлем кубогінің кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жарыстың кезекті күнінде отандық жас спортшылар ел қоржынына екі медаль салды.

Бүгін 500 м қашықтық бойынша сынға түскен Алина Дауранова үздік үштікке еніп, жарыстың қола жүлдесіне ие болды.

Сондай-ақ, Алина 1500 метрлік жарыста да қола медальға қол жеткізді. 

Ал ұлдар арасында бақ сынаған Евгений Кошкин 500 м қашықтық бойынша мәре сызығын үшінші болып кесіп өтті. 

Бөлісу:
Жас конкьишілеріміз әлем кубогінде жүлдеге ілікті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар