Әлем
1 мин оқу 250

Бейжіңде қауіпсіздік шаралары күшейді

<p style="text-align: justify;">Қысқы Олимпиадаға аз күн қалғанда Бейжің билігі елдегі науқастар санының артқанын айтып, қауіпсіздік шараларын күшейтетінін хабарлады. Ол үшін халықты індетке тексеру белсенді жүреді, сондай-ақ тұрғындардан адам көп жиналатын басқосуларды азайту сұралып отыр.</p>

Жергілікті денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, сәрсенбіде Бейжіңде вирус жұқтырған үш адам тіркелген. Бірнеше күн бұрын тек бір ғана адамнан вирус анықталған еді. 15 қаңтардан бастап қалада COVID-19 жұқтырғандар оннан аз болғанымен, бұл жақында Олимпиада өтетін қала басшылығы үшін алаңдататын жағдай. Тіркелген науқастардан «Дельта», «Омикрон» штамдары табылған.

Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясының 20 қаңтар күнгі мәлімдемесіне сәйкес, Қытай бо­йынша барлығы 43 жағдай анықталған. Бұл бір күн бұрынғы 55 науқастан азырақ.

Бөлісу:
Бейжіңде қауіпсіздік шаралары күшейді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар