Спорт
1 мин оқу 181

Спортшыларымыз Тал­линде ел намысын қорғауда

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Бұл күндері Эстония астанасы &ndash; Тал&shy;линде мәнерлеп сырғанаудан &laquo;Төрт құрлық чемпионаты&raquo; өтіп жатыр. Жа&shy;рыстың алғашқы күнінде ерлер қысқа бағдарлама жарысында бақ сынады.</p>

Спортшыларымыз Тал­линде ел намысын қорғауда

Бұл сында ел намысын Михаил Шай­доров пен Диас Жирентаев қорғады. Ерлер арасындағы қысқа бағдарлама қоры­тын­дысы бойынша М.Шайдоров 75,96 ұпай жинап, 8-орынға табан тіреді. Ал тағы бір жер­лесіміз Д. Жирентаев 66,92 ұпаймен 12-орыннан көрінді. Қысқа бағдарлама қо­рытындысы бойынша Оңтүстік Корея өкілі Чха Чжун Хван 98,96 ұпаймен көш бас­тап келеді. Екінші және үшінші орынды жа­пониялық спортшылар Казуки Тамоно (97,10) мен Као Муира (88,37) өзара бөлісіп тұр.

Айта кетейік, бұған дейінгі «Төрт құр­лық чемпионатында» екі жерлесіміз жеңіс тұғырынан көрінген болатын. 2015 жылғы додада Денис Тен топ жарса, 2019 жылы Элизабет Тұрсынбаева күміс жүлде иеленген еді.

Бөлісу:
Спортшыларымыз Тал­линде ел намысын қорғауда · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар