Кәсіпқой бокс
1 мин оқу 1,310

Жан Кособуцкий WBC белдігінен айырылды

<p style="text-align: justify;">Аса ауыр салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы жан Кособуцкий өзіне тиесілі болған WBC International Silver белдігінен айырылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жан Кособуцкий WBC белдігінен айырылды

Бұл туралы Boxingscene.com порталы ақпарат таратты. Деректерге сенсек, енді оның белдігіне кубалық Хосе Лардуэта мен сербиялық былғары қолғап шебері Душан Велетич таласатын көрінеді. Жекпе-жек Германияның Гамбург қаласында өтеді деп жоспарланған. 19 ақпанға жоспарланған бокс кешінде Жан Кособуцкий де шаршы алаңға шығады. Ол франциялық Жоан Дюопаға қарсы өтетін кездесуде WBC Silver белдігіне таласпақ.

Бөлісу:
Жан Кособуцкий WBC белдігінен айырылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар