Экономика
1 мин оқу 690

Қазақстанда базалық мөлшерлеме өсті

<p style="text-align: justify;">Ұлттық банк базалық мөлшерлеме жылдық 10,25 пайызға дейін өсетінін жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені +/-1,00 п.т. пайыздық дәлізімен жылдық 10,25 пайыз деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады. Тиісінше, өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 11,25 пайыз, ал өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме – 9,25 пайыз болады», делінген хабарламада.

Ұлттық банк мәліметінше, шешім инфляция 2022 жылдың аяғына қарай белгіленген 4-6 пайыз нысаналы дәлізге кіру қажет екені ескеріле отырып қабылданған.

Бөлісу:
Қазақстанда базалық мөлшерлеме өсті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар