Саясат
1 мин оқу 241

Қырғыз Президенті жұмыс сапарымен Қытайға барады

<p style="text-align: justify;">Қырғыз Президенті Садыр Жапаров Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барар алдында қашықтан жұмыс істеуге көшті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Жапаровтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

«Бұл әлемде коронавирустық инфекцияның таралуына және қазіргі жағдайда эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігіне байланысты», делінген хабарламада. 

Садыр Жапаров қашықтағы режимге қарамастан әдеттегі жұмыс кестесіне сәйкес қызметін жалғастырады.

Айта кетейік, 3-5 ақпанда Қытайға жоспарланған сапар аясында Президент Садыр Жапаров Бейжіңде өтетін Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу рәсіміне қатысады. Сондай-ақ ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен екіжақты кездесу өткізеді.

Бөлісу:
Қырғыз Президенті жұмыс сапарымен Қытайға барады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар