Аймақтар
1 мин оқу 221
Тұрғын үйден әскери қызметкерлерге тиесілі қару табылды
<p style="text-align: justify;">Қызылорда қаласында 5 қаңтар күні болған жаппай тәртіпсіздік кезінде қолды болған әскери қызметкерлерге тиесілі қару табылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> облыстық Полиция басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Тергеу барысында жоғарыда аталған оқиғаға қатысы бар күдіктінің үйінен әскери қызметшілерге тиесілі 1 – дана АК – 74 және 1 – дана ГП – 25 қаруы табылып, қылмыстық іске заттай дәлелдеме ретінде тіркелді.
Қазіргі таңда қылмыстық Кодекстің бірнеше бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде.
Күдікті уақытша ұстау абақтысына жабылды.
Бөлісу: