Медицина
1 мин оқу 1,264
Министр коронавирус өршіп тұрған өңірлерді атады
<p style="text-align: justify;">ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният коронавирус өршіп тұрған өңірлерді атады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Министрдің айтуынша, өлім-жітім бүкіл пандемия кезеңіндегі күн сайын ең көп аурушаңдық пен өлім тіркелген тамыз айымен салыстырғанда 12,4 есе азайды.
«Қаңтар айының басынан бастап желтоқсанмен салыстырғанда сырқаттанушылық 11 есе өсіп отыр. Сыртқаттанушылықтың ең көп өсуі Ақтөбе облысында – 53 есе, Маңғыстау облысында – 34 есе, Атырау облысында – 33 есе, Қызылорда облысында – 28 есе, Нұр-Сұлтан мен Шымкен қалаларында 25 есе өсу байқалады. Өлім-жітім барлық өңірде төмен», деді Ажар Ғиният Үкімет отырысында.
Бөлісу: