Қазақстан
1 мин оқу 541
«Самұрық-Қазынаның» тағы жеті топ-менеджері қызметінен босатылды
<p style="text-align: justify;">Мемлекет Басшысының тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес берілген өтініштер бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ-ның жеті топ-менеджері қызметтерінен босатылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> қордың сайтына сілтеме жасап.</p>
Берілген өтініштерге сәйкес атқаратын қызметтерінен:
- Кравченко Андрей Николаевич, құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі Басқарушы директор - «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма мүшесі;
- Манкеев Мұхтар Наурызбайұлы, «Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративтік басқару және әлеуметтік-еңбек қатынастары жөніндегі басқарушы директоры;
- Дурмагамбетов Ерлан Дмитриевич, «Самұрық-Қазына» АҚ Стратегия, орнықты даму және цифрлық трансформация жөніндегі басқарушы директоры;
- Тәжіғалиев Мұхтар Өтепқалиұлы, «Самұрық-Қазына» АҚ Активтерді басқару жөніндегі бірлескен басқарушы директоры;
- Есполов Бектенбай Тілектесұлы, «Самұрық-Қазына» АҚ Жұртшылықпен және үкіметпен байланыс жөніндегі бірлескен басқарушы директоры;
- Түсіпбеков Жанат Рашидұлы, «Біріккен химиялық компания» ЖШС Басқарма Төрағасы;
- Қожақов Куат Асқарбекұлы, «Samruk-Kazyna Trust» КҚ бас директоры босатылды.
Бөлісу: