Террористік қауіптің «қызыл» деңгейі жойылады
<p style="text-align: justify;">26 қаңтар күні сағат 00.00-ден бастап Алматы, Жамбыл облыстары мен Алматы қаласында терроризмге қарсы операция режимінің және террористік қауіптіліктің «қызыл» деңгейінің күші жойылады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штабқа сілтеме жасап.</p>

Осы уақыттан бастап аталған өңірлерде террористік қауіптіліктің жоғары «қызғылт сары» деңгейі белгіленеді. Нұр-Сұлтан қаласында террористік қауіптіліктің жоғары «қызғылт сары» деңгейі және Батыс Қазақстан облысында қалыпты «сары» деңгейі сақталып отыр. Сондай-ақ, 26 қаңтар күні сағат 00.00-ден бастап Қарағанды облысы мен Солтүстік Қазақстан облысында террористік қауіптіліктің орташа «сары» деңгейі жойылады.